10.06.2009, 16:15 1376

Өзбекстан Қырғызстан азаматының мәйітін қырғыз жағына шығарып берді

Өзбекстан Қырғызстан азаматының мәйітін қырғыз жағына шығарып берді

Бішкек. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның ресми қызметтері бүгін түнде Қырғызстан азаматының мәйітін қырғыз жағына шығарып берді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қырғызстан шекара қызметінің төрағасының орынбасары Ақылбек Нишанов хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында қырғыз азаматы атылды.

"7 маусымда сағат 5.30-да Кара-Суу қаласының тұрғыны Өзбекстан аумағына өту үшін шекарадан өтуге талпыныс жасаған. Оған жауап ретінде Өзбекстан жағының шекарашылары екі рет ескерту оқ атып, үшіншісімен Қырғызстан азаматын тура атып өлтірген", - деді А. Нишанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны