06.06.2008, 19:16 2889

Өзбекстан өзінің Тәжікстанмен шекарасының кейбір бөліктерін жауып тастады

Өзбекстан өзінің Тәжікстанмен шекарасының кейбір бөліктерін жауып тастады

Душанбе. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан өзінің Тәжікстанмен шекарасының кейбір бөліктерін жауып тастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Тәжікстанның Шекара әскері бас басқармасының баспасөз қызметінің басшысы Хушнуд Рахматуллаевтың айтуынша, өзбек жағы ескертусіз және себептерін түсіндірместен "Бауырластық" бақылау-өткізу пунктінде шекаралас аумақтардың тұрғындары мен өзбек визасын алған Тәжікстан азаматтарын өткізуді тоқтатқан.

"Бұл Куляб қаласында болған оқиғадан кейін орын алды. Кулябта 27 мамыр күні Сухроб Лангариевтің үйі шабуылмен алынған болатын", - деді Х. Рахматуллаев.

Өзбекстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы елшілігінен агенттік тілшісіне жекелеген жерлерде шекара жабылғаны жайлы ақпаратпен таныс еместіктерін хабарлады. "Бұл карантиндік шаралармен байланысты болуы мүмкін. Тиісті құжаттары бар Тәжікстан азаматтарына виза беру елшілікте жлғасып жатыр", - деп атап көрсетті елшілік.

"Тәжік-ауған шекарасында Ауғанстан мен Тәжікстан азаматтарынан тұратын ұлтаралық топ жұмыс істегені анықталды. Олар заңсыз есірткі айналымымен айналысқан. Тәжікстандағы есірткі желілерінің бірін 2002 жылдан бері қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде жүрген Куляб қаласының 29 жастағы тұрғыны Сухроб Лангариев бақылауында ұстаған", - деп көрсетілген ҰҚК ресми мәлімдемесінде.

ҰҚК шұғыл мәліметтеріне сүйенсек, есірткі тасымалдаушылар жасырынған үйден 100 кг-нан астам есірткі табылған. Сондай-ақ, көптеген қару-жарақ табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны