11.08.2011, 13:00 3629

Өзбекстан ресейлік, батыс және орта-азиялық жаңалықтар ресурстарына қосылуға тыйым салды

Өзбекстан 9 тамыздан бастап интернет әлемін қатаң бақылауға алды.

Алматы. 11-тамыз. Kazakhstan Today - Өзбекстан ресейлік, батыс және орта-азиялық жаңалықтар ресурстарына қосылуға тыйым салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің www.uznews.net. сайтына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Өзбекстан ресейлік сайттарға қосылуға тыйым салған.

Өзбекстан 9 тамыздан бастап интернет әлемін қатаң бақылауға алды.

Өзбекстан басшылығы UZ ұлттық доменіне арналған Интернет-фестивальді жаппай ресейлік, батыстық және орта-азиялық жаңалық ресурстарына қосылуға тыйым салумен қарсы алды.

Тыйым салынған интернет-ресурстардың қатарына "Первый канал", "Россия", "НТВ" орталық телеарналары мен "РБК ТВ" іскерлер телеарнасының сайттары кірді. Интернет-шектеуге ресейлік қоғамдық-саяси және экономикалық басылымдардың, соның ішінде "КоммерсантЪ", "КоммерсантЪ Власть", "КоммерсантЪ Деньги" және "Независимая газета", "Парламентская газета", сондай-ақ "Правда", "Известия" сынды күнделікті басылымдардың сайттары ұшырады.

Өзбекстан интернет пайдаланушыларына сонымен қатар "Маяк", "Радио России" және "Эхо Москвы" радиоарналарының сайттарына да жол жоқ. Оған қоса ресейлік Gazeta.ru", "Dni.ru", "Utro.ru", "Newsru.com" және "Cnews.ru" интернет-басылымдар да өз өзбекстандық оқырмандарынан айырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны