16.10.2008, 17:34 3366

Өзбекстан шамамен 1 млрд долларға мақта сатты

Өзбекстан шамамен 1 млрд долларға мақта сатты

Алматы. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан Ташкентте өткен төртінші халықаралық мақта жәрмеңкесінде шамамен 1 млрд долларға 950 мың тонна мақта талшықтарын экспорттау туралы шарт жасасты, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Газета.уз" сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеге 35 елден 350 жуық компания қатысты.

Өзбекстан жыл сайын 3,5 млн тонна шикі мақта мен 1 - 1,2 млн тонна мақта талшықтарын өндіреді. Биыл бұл ел 1 млн тоннаға жуық мақта талшығын өндірмек. Оның 700 мың тоннасы шетелдерге шығарылады, қалғаны ел ішінде өңделмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны