15.12.2008, 15:59 1571

Өзбекстан тағы да екі халықаралық құжатқа қосылды

Өзбекстан тағы да екі халықаралық құжатқа қосылды

Алматы. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов республиканың екі халықаралық құжатқа қосылғаны туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Азия Плюс" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан 11 желтоқсаннан бастап Баланың құқықтары жөніндегі конвенцияның бала саудасы, балалар арасындағы жезөкшелік және балалар порнографиясы жөніндегі факультативтік хаттамасына (Нью-Йорк, 2000 жылдың 25 мамыры), және пайдаланылған отынмен және радиоактивтік қалдықтармен қауіпсіз қарым-қатынас жөніндегі біріккен конвенцияға (Вена, 1997 жылдың 55 қыркүйегі) бірікті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны