09.04.2008, 10:37 1332

Өзбекстан Тәжікстанға жіберілетін газ мөлшерін қысқартты

Өзбекстан Тәжікстанға жіберілетін газ мөлшерін қысқартты

Душанбе. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Узтрасгаз" компаниясы 7 сәуірден бастап Тәжікстанға жіберілетін газ мөлшерін бұрынғы 2 млн текше метрден 1,3 млн текше метрге дейін қысқартты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, өткен аптада Ташкентте "Тәжікгаз" мемлекеттік унитарлық кәсіпорыны мен "Узтрансгаз" компаниясының басшылықтары арасында Тәжікстан Республикасына газ тасымалдауды ұлғайту туралы келіссөздер өткен. Ол келіссөздер сәтсіз аяқталған. Өзбекстан жағы тек қана Тәжікстан "Узтрансгаз" алдындағы қарызынан құтылғанда ғана газ тасымалын ұлғайтатындарын мәлімдеді.

"Тәжікгаз" компаниясының бас директоры Фатхиддин Мухсиддиновтың айтуынша, Тәжікстан халқының "Тәжікгаз" алдындағы қарызы 70 млн сомониге (20,4 млн АҚШ доллары) жеткен. Тек Душанбе халқының өзі ғана унитарлық кәсіпорынға 30 млн сомони қарыз болған (8,8 млн доллар).

"Тәжікгаз" кәсіпорын алдындағы қарызын қайтару өтінішімен халыққа бірнеше мәрте үндеу тастады. Алайда, тұтынушылар газ үшін аса сылбыр төлейді. Бұл көптеген үйлерде көгілдір отынның болмауына алып келді", - деп атап көрсетті унитарлық кәсіпорынның басшысы. "Егер Тәжікстан халқы өзінің қарызының бір бөлігін қайтарса, біз өз кезегімізде "Узтрансгаз" алдындағы қарызымыздан құтылар едік. Ол қарыз бүгінгі таңда 7 млн АҚШ долларын құрап отыр", - деп түсіндірді Ф. Мухсиддинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны