06.09.2006, 15:30 2602

Өзбекстан, Изербайжан және Қырғызстан елдері "KazSat" жер серігін пайдалануға ниет білдіруде

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Өзбекстан, Изербайжан және Қырғызстан елдері "KazSat" жер серігінің мүмкіндіктерін пайдалануға ниет білдіруде. Бұл туралы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев бүгін мәжілістің жалпы отырысында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен Өзбекстан, Изербайжан және Қырғызстан елдері "KazSat" жер серігінің мүмкіндіктерін пайдалануға ниет білдіріп хат келтірді",- деді А.Жұмағалиев.

Сонымен бірге агенттік басшысының хабарлауынша, еліміздегі барлық байланыс операторлары жер серігінің қуатын пайдалануға көшіп жатыр. "Біз Қазақстанның жер серігін пайдалануға көшу мәселелерін алдын-ала дәйектеп, қазір елімізде жұмыс істеп жатқан барлық операторлармен меморандумға қол қойдық",- деді ол.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, 2010-жылға дейін жер серігінің қуатын 816,5 Мгц-ке дейін жеткізу, соның ішінде, 2006-жылы қазақстандық операторлардың пайдалануына 326 МГц қуатты беру, одан әрі бұл көрсеткішті арттыра түсу" межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның тұңғыш "KazSat" жер серігі 2006-жылдың 18-маусымында ұшырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны