05.08.2008, 15:41 1238

Өзбекстанда тұтыну тауарларын баж салығынсыз енгізу көлемі екі есе азайтылды

Өзбекстанда тұтыну тауарларын баж салығынсыз енгізу көлемі екі есе азайтылды

Алматы. 5 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанда жеке азаматтардың жеке мақсатта тұтыну тауарларын ел аумағына баж салығынсыз енгізу көлемін екі есе азайту қарастырылған заң ағымдағы жылдың 21 шілдесінен бастап күшіне енді, деп хабарлайды агенттік тілшісі CA-News ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржы министрлігі, Сыртқы экономикалық байланыстар, инвестиция және сауда министрлігі, Мемлекеттік кеден комитетінің бірлескен қаулысымен 2002 жылдың 18 желтоқсанында жарық көрген "Жеке тұлғалардың жеке тұтыну мақсатында Өзбекстан Республикасының аумағына көршілес мемлекеттердің аумағынан тұтыну тауарларын баж салығынсыз енгізуінің шектеулі нормасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізілді.

Бұдан былай жеке тұлғалардың көршілес елдерден кедендік баж салығынсыз енгізетін тауарларының жалпы құны $50 емес, енді $25 тұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны