28.12.2009, 15:03 3528

Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп танылды

Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп танылды

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп танылды. Бұл туралы кеше 27 желтоқсанда Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирза-Улугбек Абдусаломов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today УзА ұлттық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасының хабарлауынша, алдын-ала мәліметке сәйкес, сайлауға шамамен 15 млн 108 мың 950 сайлаушы қатысқан, бұл тізімге енгізілген жалпы сайлаушылардың 87,8%-ын құрайды. Сөйтіп, "Өзбекстан парламентіне сайлау туралы" заңның 44-ші бабына сәйкес, парламенттің заң шығарушы палатасының депутаттарын сайлау өтті деп танылды.

Еске сала кетейік, сайлауға Орталық сайлау комиссиясында тіркелген төрт партиядан, атап айтсақ, "Адолат" (Иділет) социал-демократиялық партиясы, "Миллий тикланиш" (Ұлттық жаңғыру) демократиялық партиясы, Кәсіпкерлер мен іскер адамдардың қозғалысы - Либерал-демократиялық партиясы мен Халықтық - демократиялық партиядан 506 кандидат қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны