14.07.2008, 17:18 3172

Өзбекстандық шекарашылар Қырғызстан азаматын жарақаттады

Өзбекстандық шекарашылар Қырғызстан азаматын жарақаттады

Бішкек. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстандық шекарашылар қырғыз-өзбек шекарасына таяу жерде Қырғызстан азаматын жарақаттады. Бұл туралы Қырғызстанның Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабьарлады.

Оперативтік мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара әскерлерінің маневрлік тобы 13 шілдеде бұйрыққа бағынбауға байланысты өз аумағында өзбек нөмірі бар ақ түсті "форд-транзит" көлігінің соңына түскен, ол Қырғызстан аумағына қарай мемлекеттік шекарадан өтпек болған.

Қырғызстанның мемлекеттік шекарасына дейін 10 метр жер қалғанда өзбек шекарашылары атқан оқтан шағын автобуста отырған екі адам жараланып, Фергана ауруханасына жатқызылған.

Олардың біреуі 47 жастағы Қырғызстан азаматы болса, екіншісі - 57 жастағы Өзбекстан азаматы.

Бұл дерек бойынша шекарашылар тексеру жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны