11.03.2010, 16:52 2962

Өзбекстанның арнаулы қызметі Қазақстанға 9,5 килограмм героин енгізу әрекетінің алдын алды

Өзбекстанның арнаулы қызметі Қазақстанға 9,5 килограмм героин енгізу әрекетінің алдын алды

Алматы. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Ташкент облыстық Ұлттық қауіпсіздік қызметі басқармасының қызметкерлері Қазақстанға 9,5 килограмм героин әкелуге әрекет жасаған есірткі тасушыны ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Regnum ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ташкент облысының "Карасув" ЖПҚ-де жүк автокөлігі ұсталды, оның орындығының астынан есірткі заттары салынған 10 целлофан дорба табылды.

"Экспресс-талдау қорытындысы бұл заттың героин екенін көрсетті, ал оның салмағы 9,5 килограмм болып шықты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Есірткі тасушы - Ташкент облысының Бекабад ауданының тұрғыны.

"Ұсталған есірткінің Тәжікстан азаматына тиесілі екенін, ол затты Қазақстандағы біреуге жеткізіп беру үшін 1,8 мың доллар төлеуге уәде бергенін жеткізді", - деді ол.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны