26.12.2008, 16:16 2700

Өзбекстанның ұшағы Жезқазған әуежайында төрт күн бойы тұрып қалуға мәжбүр болған

Өзбекстанның ұшағы Жезқазған әуежайында төрт күн бойы тұрып қалуға мәжбүр болған

Қарағанды. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның ұшағы Жезқазған әуежайында төрт күн бойы тұрып қалуға мәжбүр болған. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне Жезқазған әуежайындағы ақпарат көзі хабарлады.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, "Өзбек әуе жолдарына" тиесілі Ан-12 жүк ұшағы он үш экипаж мүшесімен Жезқазған әуежайына қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ Екатеринбургтен Ташкентке бет алған екен. Сапар барысында кенет отын жүйесі істен шығып, экипаж командирі Жезқазған әуежайына қонуға рұқсат сұраған.

Ақпарат көзінің хабарына сәйкес, оқыс оқиғаның себебін төрт күнде анықтаған, сондай-ақ, ұшаққа қосымша отын құю қажеттігіне де қаражат қажет болған. Оны аударуға да уақыт талап етілген. Ұшақтың Жезқазғанда тұрақтап қалу себебі осыда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны