16.06.2014, 19:34 3834

"Өзен әуендері" фестивалінің қатысушыларын тосын сый күтуде

5 шілде күні дәстүр бойынша Кеш шымылдығын симфониялық музыка концерті ашады. Биыл Түркиядан келген арнайы қонақтар - танымал дирижер Зафер Гюндогду жетекшілігіндегі Анкара қаласының Мемлекеттік опера және балет театры оркестрінің өнер көрсетуі баршаға үлкен тосынсый болмақ.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Дәстүр бойынша сахна өзен үстіне құрылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол шығыс стилінде бой көтереді. Көрермендердің бірі оны шатыр іспетті қабылдаса, енді бірі шығыс сарайына теңемек, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.

5 шілде күні дәстүр бойынша Кеш шымылдығын симфониялық музыка концерті ашады. Биыл Түркиядан келген арнайы қонақтар - танымал дирижер Зафер Гюндогду жетекшілігіндегі Анкара қаласының Мемлекеттік опера және балет театры оркестрінің өнер көрсетуі баршаға үлкен тосынсый болмақ. Анадолының бай музыкалық мұрасының үздік інжу-маржанын терген оркестр классикалық және ұлттық туындыларды шебер біріктіре отырып, тыңдарманның құлақ құрышын қандырмақ.

Нағыз өнер - тамылжыған музыка мен әсем бидің үйлесуінде жатыр деген сөз бар. Бұған қонақтар 6 шілде күні Классикалық би кештерінде куә болмақ. 6 шілде күні Абай атындағы МАОБТ танымыл балет труппасының орындауында екі балет қойылымы көрсетіледі. Олар: екі көріністі "Шехерезада" (Н. Римский-Корсаков музыкасына жазылған, А. Бенуа либреттосы) бірактілі қойылымы және Ж.Бизе-Р.Щедриннің музыкасына жазылған бір көріністі "Кармен-сюита" балеті.

"Өзен әуендері" кештері 7 шілде күні Камералық музыка кешіне жалғасады. Биыл ҚР Халық әртісі, көрнекті скрипкашы Гаухар Мырзабекованың жетекшілігіндегі "Камерата Қазахстана" ҚР Мемлекеттік камералық оркестрі өнер көрсетеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны