08.05.2013, 10:47 5084

Пәкістанда полиция учаскесінің маңында жарылыс болды, құрбандар бар

Сәрсенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысында полиция учаскесінің жанында жарылыс болды, екі әйел қаза тапты, 20-дан астам адам жарақаттанды, деп хабарлады Trend.az.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Пәкістанда полиция учаскесінің маңында жарылыс болды, құрбандар бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сәрсенбі күні Пәкістанның солтүстік-батысында полиция учаскесінің жанында жарылыс болды, екі әйел қаза тапты, 20-дан астам адам жарақаттанды, деп хабарлады Trend.az.

БАҚ мәліметтері бойынша, жарылыс Хибер Хайбер-Пахтунхва провинциясы Банну қаласындағы полиция учаскесінің жанында болды. Жарылысты автокөлікте отырған жанкешті жасаған. Мәліметте жараланғандардың қатарында бес полицей мен екі бала бар деп айтылған. Жарылыс салдарынан жақында орналасқан бірнеше ғимарат қираған. Лаңкестік үшін жауапкершілікті ешбір топ мойнына алған жоқ. Жарылысқа 11 мамырда өтетін парламенттің төменгі палатасы мен провинциялық заңнамалық жиналыстарға сайлау себеп болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны