18.07.2008, 11:04 1533

Памир тауында 63 гектар орман алқабы қалпына келтірілді

Памир тауында 63 гектар орман алқабы қалпына келтірілді

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жыл басынан бері Тәжікстанның шығысындағы Таулы Бадахшанда 63 гектар орман алқабы қалпына келтіріліп, 30 гектардан астам жаңа бақша пайда болып, 562 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі CA-News агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Таулы Бадахшан автономиялық облысының Қоршаған ортаны пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының жетекші маманы Шакарбек Юсуфбеков хабарлағандай, абаттандыру жұмыстары үстіміздегі жылдың 1 наурызында басталған. "Осы уақыт ішінде 562 мың ағаш егілді. Оның 104 мыңы жеміс ағаштары. Сәндік ағаштар елді мекендерде жолдардың және арналардың бойына отырғызылды", - деп хабарлады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны