04.08.2008, 18:27 2871

Памирде құрғақшылық 800 гектар жайылым мен егісті жарамсыз болдырды

Памирде құрғақшылық 800 гектар жайылым мен егісті жарамсыз болдырды

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның шығысындағы Таулы Бадахшан автономиялық облысында суармалы судың жетіспеушілігінен шамамен 800 гектар аумақтағы ауыл шаруашылық дақылдарының егісі мен жайылым зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі CA-News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Облыстың ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Имомдод Фарходовтың айтуынша, құрғақшылық Памирдің Шугнан және Ишкашим аудандарының 790 гектар жерін зақымдаған.

И. Фарходовтың айтуынша, өңірдегі құрғақшылыққа қыс-көктем мезгілдерінде жауын-шашынның аз болуы әсер еткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны