04.08.2008, 17:48 3128

Памирде сымсыз телефон байланысы жұмыс істей бастады

Памирде сымсыз телефон байланысы жұмыс істей бастады

Алматы. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Тәжікстанның шығысындағы Таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында сымсыз телефон байланысының станциясы орнатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі CA-News ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Тәжіктелеком" компаниясының Таулы Бадахшандағы бөлімшесінің бастығы Сафар Мулкамоновтың хабарлауынша, сымсыз телефон байланысының станциясын Қытайдың ZTI және "Тәжіктелеком" компанияларының мамандары орнатқан. Қажетті құралдарды Қытай компаниясы ұсынған.

Сымсыз телефон желісіне қосылу 16 сомони тұрады. Хорогта қазірдің өзінде 250 мен 430 сомони аралығында сымсыз телефон аппараттары сатыла бастады.

$1 = 3,4279 сомони.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны