16.05.2008, 17:04 3145

Пан Ги Мун әкелік институтының маңызын көтеру үшін арнаулы орта қалыптастыруға шақырды

Пан Ги Мун әкелік институтының маңызын көтеру үшін арнаулы орта қалыптастыруға шақырды

Алматы. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун әкелік институтының маңызын көтеру үшін арнаулы орта қалыптастыруға шақырды, деп хабарлайды агенттік БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Бас хатшы көптеген қоғамда қалыптасқан дәстүрге сай әкелерге моральдық тәлімгер және отбасының асыраушысы ретінде қарайды. Алайда, кейінгі жылдары ер адамдар отбасындағы күнделікті күйкі тірлік пен қамқорлық аясына көптеп қамтылатын болды, ал бұл балалардың дамуына оңды әсер ететінін зерттеулер көрсетіп отыр.

Пан Ги Мун сонымен бірге көптеген елдерде өзінің әкелік міндеттерін орындамайтындар да бар екенін өкінішпен атап өтті. Олар отбасын бұзып, алимент төлеуден жалтарып, қорқыныш ұрығын сеуіп, өз іс-әрекеттерімен балалардың жаны мен тәнін жарақаттайды. Икенің қамқорлығы мен жылуынан айрылған балалар көп жағдайда оқуда артта қалып, қылмыс жолына түседі.

"Аталған проблемалардың барлығы әкенің отбасындағы оң беделін қалыптастырудың әмбебап әрі терең қажеттігі туындағанын дәлелдейді", -деп мәлімдеді БҰҰ басшысы. Ол ер адамдарды өзінің әке ретіндегі ролін абыроймен атқаруға, ал олардың балалары мен әйелдерін отбасы өміріне қосқан маңызды үлесі үшін әкелерін құрметтеуге шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны