06.06.2008, 14:00 1446

Пан Ги Мун "көмірсутегі тәуелділігінен" арылуға шақырды

Пан Ги Мун "көмірсутегі тәуелділігінен" арылуға шақырды

Алматы. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун мәлімдегеніндей, адамның көмірсутегіне тәуелділігінен атмосфераға шығарылып жатқан парниктік газдар көлемі ұлғайып, оның арты ара- райының өзгеруіне әкеліп соқтыруда. Ол "көмірсутегі тәуелділігінен" арылуға шақырды, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

"Ауа-райының өзгеруі жөніндегі Нобель сыйлығының иегерлері атанған үкіметаралық сараптама тобы, өткен жылы жаһандық жылыну процесінің жүріп жатқанын толық дәлелдеген болады. Ауа-райының өзгеріп жатқандығын біз білеміз, бұл көмірқышқыл және парниктік басқа газдардың шығарылуынан пайда болып отыр", деп айтылған БҰҰ басшысына жіберілген жолдамасында. Сонымен қатар, онда айтылғанындай қағаз және ағаштарды алу үшін ғаламшардың тропикалық орталығында орналасқан құнды ну ормандары оталып, жайылымдар мен егіндік алқаптар көбінесе биоотын шығару үшін жиі пайдаланылып отыр .

БҰҰ бас хатшысының пікірі бойынша, бұның бәрі біздің көмірсутегіне деген тәуелділігімізден пайда болып, атмосфераға үлкен көлемде көміртегі шығарылып қана қоймай атмосфераға көміртегінің таралуын болдырмай өзіне сіңіріп отырған құнды ресурстар жойылып соның салдарынан ауа-райы өзгеріп отыр.

"Жаһандық жылу мәселесінің пайда болуынан экологиялық, экономикалық және саяси жағдайлар күрт өзгереді. Таулы аймақтардан мұхитқа дейін созылып жатқан жерлердің экологиялық жүйесі де тез өзгеретін болады. Теңіз деңгейінен төмен жатқан қалалар судың астында қалу қаупі бар, құнарлы алқаптар шөлейттерге айналады, ауа райы тым құбылмалы болады", - деп мәлімдеді Пан Ги Мун.

Ол ескерткеніндей, ресурстардың азаюынан туындайтын жаһандық даулар мен экономикалық құлдырау мәселелеріне ұрынатын бай және кедей мемлекеттері сазайын бірдей тартатын болады. Бас хатшысы атап өткеніндей, "ауа райы өзгерістерін азайтып кедейшілікті жою үшін, экономикалық және саяси тұрақтылықты орнату үшін көмірсутегі тәуелділігінен арылу керек".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны