15.07.2008, 11:02 1480

Пан Ги Мун Жерорта теңізі одағын құру идеясына қолдау білдірді

Пан Ги Мун Жерорта теңізі одағын құру идеясына қолдау білдірді

Алматы. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун өңір елдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етіп қойған жаңа халықаралық ұйым - Жерорта теңізі одағын құру идеясына қолдау білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Еуропалық турне аясында Париждегі саммитте сөз сөйлеген Пан Ги Мун осындай одақ құрудың уақытын тапқан қадам екенін атап өтті, өйткені, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күресте күш біріектірудің маңызы артты, деді ол.

Парижге сапары барысында Пан Ги Мун Кипр, Египет, Ливан, Палестина әкімшілігі, Сирия және Израиль өкілдерімен кездесті, Франция сыртқы істер министрі Бернар Кушнермен кездесуде ол Зимбабведегі ахуал, Чад және Орталық Африка Республикасындағы бітімгершілік миссиясы, Косово және Кипр мәселелерін талқылады. БҰҰ басшысы сонымен бірге Ингрид Бетанкурмен кездесіп, оны осы күзде Нью-Йоркте өтетін лаңкестік құрбандарын қолдау форумына қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны