05.05.2009, 19:42 2834

Пара алды деген айыппен тоғыз ай бойы қамауда болған қаржы полициясы қызметкері ақталып шыққаннан кейін Қаржы министрлігінен материалдық шығын және рухани залал ретінде 400 мың теңге өндіріп алды

Пара алды деген айыппен тоғыз ай бойы қамауда болған қаржы полициясы қызметкері ақталып шыққаннан кейін Қаржы министрлігінен материалдық шығын және рухани залал ретінде 400 мың теңге өндіріп алды

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Пара алды деген айыппен тоғыз ай бойы қамауда болған қаржы полициясы қызметкері ақталып шыққаннан кейін Қаржы министрлігінен материалдық шығын және рухани залал ретінде 400 мың теңге өндіріп алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Жоғарғы сотының хабарламасына сілтеме жасап.

Сот шешімі бойынша мемлекет есебінен, Қаржы министрлігінен қаржы полициясы қызметкеріне материалдық және рухани шығын өндірілді. Сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша айыпталған ол құқықтық орындар кінәсін анықтау барысында дәлелденбегендіктен тоғыз ай бойы қамауда ұсталған.

Қаржы полициясының аға инспекторы Жәнібек Төлепқалиевті заңдылықты сақтауды тексеру кезінде Салық комитеті қызметкерінің әйелінен пара алу кезінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған. Сотта Төлепқалиев қызметкердің декларациясын толтыру кезінде өзінің әйелімен бірге тұратын пәтеріндегі үлесін көрсетпеген заңсыздыққа кезіккен. Алайда, ол кейіндеу қосымша декларация толтырып бергенін түсіндірген, аталған құжат табылып, кемшілік түзетілген. Бұл қызметкердің әйелін өзі ұсталардың алдында ғана көрген. Ол деру жанына келгенде, өзінің кім екенін айтып, Төлепқалиевтің қалтасына әлде бір затты тығып жіберіп, деру кетіп қалған. Полиция оны қалтасынан қайтадан шығарып, әдейі тасталған ақшаны лақтырып жіберген соң барып ұсталған. Тергеу тәсілінше, қаржы полицейіне қатыстық қозғалған қылмыстық іс "бопсалау жолымен пара алау", яғни салық комитетінің қызметкері жіберген жасырын заң бұзушылық деу, сотта қолдау таппады. Сот тараптардың айыптау базасындағы дәлелдерді салмақтай келе, алдымен істі қосымша тергеуге жіберді. Содан соң түбелікті ақтау үкімін шығарды.

Жәнібек Төлепқалиев қамауда 9 ай отырған, одан жедел түрде босатылысымен өзі бірден сотқа келіп, мемлекеттен материалдық және рухани шығынды өндіріп беруді талап еткен. Талапкердің талап арызы ішінара қанағаттандырылып, сотпен қаржы полицейіне 1 545 229 теңге көлемінде материалдық шығын және рухани залал ретінде бір миллион теңге өтемақы өндірілген. Қаржы министрлігі рухани залалдың өтемақысына келіспей жоғары тұрған сатыға шағымданған. Жоғарғы Сот мұндағы сомманы 400 мың теңгеге төмендетіп, бұл сомма жеткілікті, әрі ақылға сыйымды, өйткені талапкердің бұрынғы құқығы қалпына келтірілген. Оған қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартуға байланысты келген материалдық шығын толық көлемінде өндірілген деп тұжырымдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны