24.07.2013, 09:41 13767

Пара алды деген генерал мен украиндықтарға қатысты сот шешімі шықты

Украина азаматтары Қазақстан қылмысты кодексінің 312 бабы 5 тармағы бойынша (ірі көлемде пара беру) бойынша кінәлі деп танылып, алты жыл бас бостандығынан айрылған. Жазаларын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.

Астана. 24-шілде. Kazakhstan Today - Украина азаматтары Александр Школяренко, Александр Хрулев және қазақстандық Алмаз Исеновке қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Украина азаматтары Қазақстан қылмысты кодексінің 312 бабы 5 тармағы бойынша (ірі көлемде пара беру) бойынша кінәлі деп танылып, алты жыл бас бостандығынан айрылған. Жазаларын қатаң режимдегі түрмеде өтейді. Бұл туралы хабарлаған әскери соттың баспасөз хатшысы Шолпан Шикетаева олардың мүліктері қоса тәркіленетінін айтқан.

Оның бүгін ақпарат құралдарына мәлімдеуінше, сот шешім кеше шыққан.

Қазақстан қарулы күштерінің қару-жарақ бас басқармасының бұрынғы бастығы Алмаз Исенов те мүркі тәркіленіп, 11 жылға қатаң режимдегі түрмеге кесілген. Искери атақтарынан да айрылған ол пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны