09.01.2008, 18:05 3806

Париждің жанындағы қалада Мұстафа Шоқайдың ескерткіш тақтасы ашылды

Париждің жанындағы қалада Мұстафа Шоқайдың ескерткіш тақтасы ашылды

Астана. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Париж қаласының жанында қазақтың белгілі қоғам және саяси қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіш тақтасы ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында Мұстафа Шоқай өмір сүрген Париждің жанындағы Ножан-сюр-Марн қаласында Қазақстанның Франциядағы елшілігінің қолдауымен ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынға Еуропада тұратын қазақ диаспорасы мен бұқара өкілдері қатысты",- деп айтылған Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің сәрсенбіде таратқан хабарламасында.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала мэрінің орынбасары Терез-Мари Томе "қала тұрғындарына өз Отаны үшін күрестегі жанқиярлығымен үлгі болған Мұстафа Шоқайдың өткен жүзжылдықтың 30-шы жылдарында өмір сүруі ортақтастыру факторы" екендігін атап өтті.

Қазақстанның елшісі Аманжол Жанқұлиев өз тарапынан, "өз Отанының бостандығы үшін күрескен қазақ халқының ұлы Мұстафа Шоқайды қиын-қыстау заманда бауырына басып, баспана берген" Франция халқы мен билік өкілдеріне алғысын білдірді. Сондай-ақ, осы қала басшылығының атына "Мұстафа Шоқай" қаумдастығы мүшелерінің қазақ халқының ұлы Мұстафа Шоқайдың өмір тарихын зерделеу жөніндегі бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді.

2007 жылы құрылған "Мұстафа Шоқай" қазақстан-франция достастығы қауымдастығының төрағасы Яшар Дініш Мұстафа Шоқайдың өмірі туралы қысқаша тарихи анықтама бере отырып, Қазақстанның билік өкілдеріне шетелде тұратын отандастарына деген қамқорлығы мен қолдау көрсеткендігі үшін үлкен алғысын білдірді.

Мұстафа Шоқайдың ескерткіш тақтасында оның қысқаша өмірбаяны мен Қазақстанның тарихи-географиялық сипаттамасы жазылған. Қалалық мұражай басшылығы өкілдерінің пайымдауынша, аталмыш тақта адамзат құндылығы сыйлау және өз өрендерін құрметтеуде үлгі болып, Қазақстан мен Франция халқының жақындасуына себепші болады. Сондай-ақ Ножан-сюр-Марн қаласындағы Мұстафа Шоқайдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны