17.09.2007, 18:04 2874

Парламент депутаттары Щучинск- Бурабай дауажай аймағы бойынша табиғат қорғау бағдарламасын қабылдауды талап етеді

Парламент депутаттары Щучинск- Бурабай дауажай аймағы бойынша табиғат қорғау бағдарламасын қабылдауды талап етеді.

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Парламент депутаттары Щучинск- Бурабай дауажай аймағы бойынша табиғат қорғау бағдарламасын қабылдауды талап етеді.

"Депутаттар Щучинск- Бурабай дауажай аймағы бойынша табиғат қорғау және жалпы экологиялық ахуал жөнінде бағдарлама жасау қажет деген пікірге келді. Депутаттар бұл жөніндегі ұсынысты үкіметтің қарауына ұсынбақшы", - деп мәлімдеді сенаттың аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Есжанов сенбі күні Щучинск- Бурабай дауажай аймағында өткен "дөңгелек үстел" барысында.

Сенаттың тағы бір депутаты Светлана Жалмағамбетованың пікірінше, "ең алдымен көлдерді тазарту керек". Оның пайымдауынша, сондай-ақ, кәріз жүйесін тартып, көмірмен жұмыс істейтін барлық қазандықтардан бас тартып, бір ғана экологиялық таза қазандық орнатып, көлдерді қорғауды күшейту үшін экологиялық полицияны күшейту қажет. " Щучинск- Бурабай дауажай аймағындағы көлдердің ластануын тоқтату үшін бұл жерде инженерлік-коммуникациялық желілерді жөндеу керек, ал қазіргі көмірмен жұмыс істейтіндердің орнына экологиялық қауіпсіз қазандықтар салуға 2,5 млрд теңге қажет", - деді депутат.

Щучинск- Бурабай дауажай аймағында 21 көл бар. Олардағы ластану деңгейі шектеулі мүмкін нормадан біршама жоғары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны