13.02.2008, 15:53 2363

Парламентші тұрғын үй құрылысын салуда сапасыз арматура пайдаланылу жайтына алаңдаушылық білдіреді

Парламентші тұрғын үй құрылысын салуда сапасыз арматура пайдаланылу жайтына алаңдаушылық білдіреді

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов тұрғын үй құрылысын салуда сапасыз арматура пайдаланылу жайтына алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы ол бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында үкімет басшысының атына жолдаған сауалында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кейінгі жылдары елімізде салынған ғимараттар Қазақстандықтардың өмір қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп қауіптенуге негіз бар. Оған себеп - құрылыс нарығында сатылып жатқан құрылыс арматурасы", -деді депутат.

"Оны тіпті сапасыз әрі морт деп айтудың өзі кемдік етеді. Кейбір Қазақстандық мамандар оны тіпті мүлдем металл емес деп отыр", - деді А. Жамалов.

"Жуандығы 12 мм-лік жуан арматураны қолмен де майыстыруға болады, оның біреуін екіншісіне ұрсаң, оп-оңай сынып кетеді. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының мамандары тіпті оған арматура емес деген қорытынды жасап отыр", - деді А. Жамалов.

Оның ақпаратына сәйкес, арматураның морттығы "оның тек сыртқы қабатының ғана металл, ал ішінде темірдің орнында бетон болуына байланысты".

Депутаттың айтуынша, мұндай арматура Қытайдан жеткізіледі, "бірақ бес тонналық арматура бумасынан ондайды сирек кездестіресіз, өйткені, ақаулы арматуралар жақсылап жасырылады".

"Ал бағасына келсек, құрылыс нарығында қытай арматурасының бір тоннасы 45-50 мың теңге, ал ресейлік арматура бұдан екі есе қымбат - 90-95 мың теңге тұрады", - деді депутат.

"Сол себепті құрылыс саласында осындай арматураны пайдалануға бола ма және жалпы елімізге енгізілетін құрылыс материалдарын кім қадағалайды деген заңды сұрақ туады", - деді А. Жамалов.

Оның айтуынша, "құрылыс материалдарын сатуға бес ұйым рұқсат береді, оның ішінде "Ұлттық сараптама және сертификация орталығы" АҚ да бар. Бұл ұйымдардың бәрі де жеке меншік.

""Техникалық реттеу жөніндегі" заңға сәйкес, елімізде сертификат берудің міндетті және ерікті деген екі түрі бар. Осы орайда бір таңқаларлық оқиғаны анықтадым: арматура үкіметтің қаулысымен бекітілген міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізіміне кірмейтін болып шықты", - деді А. Жамалов.

Депутат жаңа салынған үйлер құлап қалу оқиғасы тіркелген Ресейде арнаулы жұмыс тобы құрылып, ол "сапасыз өнім сатушыларды жазаға тарту тетіктерін жасау және заңнамалық базаны жетілдірумен шұғылданатын болғанын" еске салды.

"Ал Қазақстандағы жауапты органдар жүздеген мың қазақстандықтың өміріне қатер төндіре, қажетті шараларды қолдану үшін әлгіндей апаттардың елімізде де болуын күтіп отырған сыңайлы", - деп мәлімдеді депутат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны