07.04.2008, 15:32 3070

Парламентші үкіметтен үш жылдық бюджет жобасында мүгедектік жәрдемақысының мөлшерін арттыруды қарастыруды сұрайды

Парламентші үкіметтен үш жылдық бюджет жобасында мүгедектік жәрдемақысының мөлшерін арттыруды қарастыруды сұрайды

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаты Ғани Қасымов үкіметтен үш жылдық бюджет жобасында мүгедектік жәрдемақысының мөлшерін арттыру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үш жылдық мемлекеттік бюджетті қалыптастыру жайын ескере отырып, жәрдемақы мөлшерін мынадай көрсеткіштерге дейін арттыру мүмкіндігін қарастыруды сұраймын : бірінші топтағы мүгедектерге, бірінші топтағы тумысынан мүгедектерге, бірінші топтағы мүгедектердің 16 мен 18 жас аралағындағы балаларына екі ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінде жәрдемақы белгілеуді сұраймын", - деп мәлімдеді бүгін Ғани Қасымов сенаттың жалпы отырысында үкімет басшысының атына жолдаған сауалын таныстыра отырып.

"Екінші топтағы мүгедектерге, екінші топтағы тумысынан мүгедектерге, екінші топтағы мүгедектердің 16 мен 18 жас аралағындағы балаларына және мүгедектердің балаларына 1,8 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінде; үшінші топтағы мүгедектерге, үшінші топтағы тумысынан мүгедектерге, 16 мен 18 жас аралағындағы үшінші топтағы мүгедектердің балаларына және мүгедектердің балаларына 1,5 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінде жәрдемақы белгілеуді сұраймын; бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 16 мен 18 жас аралығындағы бірінші және екінші топтағы мүгедектердің балаларына және 16 жасқа дейінгі мүгедектердің балаларына 2 АЕК көлемінде арнаулы жәрдемақы белгілеуді сұраймын. Үшінші топтағы мүгедектерге, үшінші топтағы мүгедектердің 16 мен 18 жас аралығындағы балаларына 1 АЕК көлемінде жәрдемақы белгіленсін", -деді депутат.

Сенатор "мүгедектік жөніндегі жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне пропорционал екенін" еске салды.

"Бүгінгі жағдаймен бұл минимум шамамен азық-түлік себетінің 60%-ынан, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтердің 40%-ынан құралады. Алайда, себет құны мүгедектердің медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмекке деген айрықша сұранысын ескермей есептеледі", - деді ол.

"Жоғарыда ұсынылғандарды жүзеге асыру мемлекет абсшысының ақпан айындағы жолдауының жүзеге асатандығы жөніндегі сеніммен өмір сүріп жатқан әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтың кепілді материалдық ахуалын жақсартуға обьективті алғышарттар жасайды", - деді Ғ. Қасымов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны