04.07.2007, 13:58 2914

Парламентте өңірлердің өкілеттілігі сақталып қалады - президент

АСТАНА. 4-шілде. Kazakhstan Today. Парламентте өңірлердің өкілеттілігі сақталып қалады , деді бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Мәжіліс депутаттарын сайлаудың пропорционал жүйесіне көшуге байланысты парламентте өңірлердің мүддесін қорғау бәсеңсиді деген журналистің болжамына президент : "сіз бұл жерде әрбір облыстан мәслихаттар міндетті түрде екі депутаттан сайлайтын сенат атты палатаны естен шығарып тұрсыз", - деп жауап қатты.

Сонымен бірге президенттің айтуынша, "Нұр Отан" партиясы өзінің партиялық тізімін жасауда осы мәселені де ескерген. "Жаңа ғана біз сьезде болашақ мәжіліс депутаттығынан үміткер 127 адамның тізімін бекіттік, олардың бәрі де "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалдарымен және тиісті мәслихаттармен ақылдаса отырып келісілген", - деді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны