29.04.2010, 11:31 1593

Парламенттік ассамблея ашаршылықты тек украин халқына ғана қатысты геноцид деп танудан бас тартты

Парламенттік ассамблея ашаршылықты тек украин халқына ғана қатысты геноцид деп танудан бас тартты

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы кеше заңгерлік комитеттің "Бұрынғы КСРО-дағы ауқымды ашаршылық құрбандарының құрметіне тағзым ету" атты баяндамасына қосымша резолюцияға енгізілген түзетулерді қабылдамай тастады, онда 1930-шы жылдардағы ашаршылықты тек украин халқына ғана қатысты геноцид деп тану ұсынылған болатын, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ресей делегациясы мұнай көзқарасты қолдады. Делегация басшысының орынбасары, Думаның халықаралық істер жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Леонид Слуцкий мәлімдегендей, "мұндай түзету енгізу баяндаманың тұжырымдамасын толық өзгертіп жіберер еді". "1930-шы жылдардағы ашаршылық - КСРО құрамындағы барлық халықтардың аса ауыр трагедиясы, сталиндік режимнің қылмысы. Бірақ біз геноцид терминін оңды-солды қолдана бермейміз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны