28.07.2015, 11:36 3726

"Пәтер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары пәтер тонаушыны қолға түсірді.

27 шілде күні Қарағанды қ. ІІБ Октябрь ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 8 шілде күні үй терезесін бұзып кіріп, қаладағы пәтерлердіӊ бірінен планшет және ақша ұрлап кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берген 21 жасар азаматты қолға түсірді

Астана. 28 Шілде. Kazakhstan Today - 27 шілде күні Қарағанды қ. ІІБ Октябрь ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 8 шілде күні үй терезесін бұзып кіріп, қаладағы пәтерлердіӊ бірінен планшет және ақша ұрлап кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берген 21 жасар азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалып, осы тектес ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайтын тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Пәтер тонау - статистика есебіне қарағанда еӊ көп орын алатын қылмыс. Пәтер тонаушылардыӊ "сүйікті мезгілдері" - үй қожайындары үйде болмайтын жұмыс күндері, демалыс күндері және жазғы демалыс пен каникул уақыты.

Исіресе осы жазғы демалыс уақытында пәтер тонау жиілейді. Дәстүрге сәйкес қарақшылар пәтерлерге есіктіӊ кілтін таӊдау арқылы немесе сындыру арқылы енеді. Сондай-ақ, тонау әрекетініӊ тағы бір түрі - балкон және желдеткіш арқылы кірумен де жүзеге асады. Қарақшылардыӊ оӊай олжасына көбінесе бірінші қаббатта орналасқан пәтерлер, үйлер және толық қамтылмаған жаӊа салынған үйлер айналады.

Қылмысты жасамас бұрын қылмыскерлер тонайтын нысанға яғни пәтерлерге "әлеуметтік қызметкерлер немесе коммуналдық қызмет адамдарымыз" деген желеумен аралап шығады. Үй иесімен біреуі сөйлесіп тұрған сәтте, екіншісі үй ішінде құнды заттар бар-жоғын анықтап байқастап алады.

Қылмыстан қорғанудыӊ еӊ тиімді жолы - профилактика. Жазғы маусым басталар кезеӊде ішкі істер органдарыныӊ қызметкерлері пәтер тонау әрекеттерініӊ профилактикасын күшейтеді. Осымен қатар қала тұрғындарыныӊ қырағылығы да қылмысты ашуға орасан зор көмегін тигізеді.

Қауіпсіздіктіӊ еӊ қарапайым үлгілері Сіздіӊ пәтеріӊізді ұрлықтан қорғайды:

- пәтердіӊ жүйелік қорғанысын күшейтіӊіз;

- үйдіӊ есігін ешқашан ашық тастамаӊыз;

- үйден шығарда балконныӊ есігін және терезелерді мұқият жауып кетіӊіз;

- түрлі қызметтердіӊ қызметкерлеріміз деп келген белгісіз адамдарды қызметтік куәліктерін тексермей үйге кіргізбеӊіз;

- балаларыӊызға бөтен адамдарға есік ашпау туралы ескертіӊіз;

- ұзақ мерзімүйде болмайтын жағдайда көршіӊізге үйге қарайлай жүруін өтініӊіз;

- есік құлпында және кілт салғыш ұяшықта сіріӊкеніӊ шиі немесе басқада күдікті заттар байқасаӊыз бірден полицияға хабар беріӊіз.

-

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны