17.05.2016, 15:32 3714

Пәтерге байланысты алаяқтық әрекеттер өршіп отыр - Бас прокуратура

2015 жылы республика бойынша пәтерлерді және үйлерді сатумен байланысты алаяқтықтыӊ 700-ден астам фактісі тіркелген

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Талдау көрсеткендей, соӊғы уақытта пәтерге байланысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылы республика бойынша пәтерлерді және үйлерді сатумен байланысты алаяқтықтыӊ 700-ден астам фактісі тіркелген, деп хабарлайды Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдыӊ 3 айы ішінде осындай сипаттағы фактілер бойынша 519 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы басталды.

Алаяқтардыӊ тапқырлығы мен "клиенттердіӊ" сенімділігіне сәйкес тұрғын үйлерге қатысты алаяқтық әдістері сан түрлі.

Мұндай әдістердіӊ кеӊ тарағаны - пәтерді нарықтық бағадан төмен бағаға сату.

Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында Б. есімді азаматша бұқаралық ақпарат құралдарында және инернет сайттарында банкілерде кепілде тұрған пәтерлерді сатып алу және оларды нарықтық бағадан төмен бағаларға сату туралы хабарландырулар берген.

Өз қызметініӊ заӊды болып көрінуі үшін және азаматтарды жаӊылдыру мақсатында олармен нысаналы мақсаты "пәтерді сатып алу" деп көрсетілген нотариалды куәландырылған қарыз шарттарын жасасқан. Сонымен қоса шарт бойынша азаматтарда ұсынылып отырған пәтерлерді өз бетімен көруге және мемлекеттік органдардан пәтерлердіӊ тіркелуі мен кімге тиесілі екені жөнінде ақпарат сұратып алуға құқығы болмаған.

Нәтижесінде Б. есімді азаматша тоқсан екі жәбірленушіге жалпы сомасы 371 млн. теӊге көлемінде материалдық залал келтірді.

Бұл заӊсыз әрекеттері үшін Өскемен қаласы сотыныӊ үкімі бойынша Б. есімді азаматша мүлкін тәркілеу және 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, оған жазасын жалпы режімдегі түзеу колониясында өтеу тағайындалды.

Басқа жағдайларда алаяқтар мемлекеттік бағдарламалар бойынша үй алуға көмек береміз деген уәдемен жәбірленушілерден алдау жолымен ірі сомалар алып отырған.

Мысалы Орал қалалық сотыныӊ үкімі бойынша мүлкін тәркілеу және әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен 5 әйел адам сотталды.

Бұл әйелдер тобы өздерін жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі менеджерлер ретінде таныстырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан пәтерлерді сатып алуға жәрдемдесуге уәде берген. Ақшаны беру қарыз шартымен рәсімделеді. Нәтижесінде ақша да жоқ, пәтер де жоқ.

Бұл әдісті алаяқтар бір жыл бойы қолданып келген, олар елуден астам азаматты алдап, әрқайсысына 30 бен 50 мыӊ АҚШ доллары көлемінде залал келтірген. 2015 жылы алаяқтардыӊ құрығына түскен азаматтар құқық қорғау органдарына шағымдана бастаған уақытта олардыӊ қылмыстық әрекеттері тоқтатылды. Қазіргі уақытта кінәлілер сотталды, алайда залал толығымен өтелген жоқ.

Бұл алаяқтықтыӊ бірнеше түрі ғана, ал қазіргі заманда олардыӊ түрлері өте көп.

Жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле жоспарлау барысында, әр адам өзін алаяқтардан қорғау туралы ойлануы керек.

Ол үшін жылжымайтын мүлік нысаныныӊ бағасына назар аударған жөн, өйткені пәтерлер тым арзанға сатылмайды.

Еӊ алдымен басты назарды адамдарға емес, құжаттарға аудару қажет. Барлық құжаттар рет-ретімен толық болуы керек және сізге мәміле алдында берілуі міндетті. Сонымен қатар барлық жағдайда құжаттардыӊ түпнұсқасын талап еткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны