23.04.2015, 14:51 4008

Патриоттық акция қазақстандықтардыӊ Ұлы Отан соғысыныӊ тарихы туралы білімін тексерді

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында патриоттық акция өтті. Елорда қонақтары мен тұрғындарына он екі қазақстандықбатыр -Ұлы Отан соғысына қатысушысыныӊ суреттері көрсетілді.

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығы қарсаӊында патриоттық акция өтті. Елорда қонақтары мен тұрғындарына он екі қазақстандықбатыр -Ұлы Отан соғысына қатысушысыныӊ суреттері көрсетілді. Олардыӊ ішінде Кеӊес Одағыныӊ батырлары Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қарсыбай Сыпатаев, Николай Терещенко, Илия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Леонид Беда, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бегелдинов және Нүркен Ибдіров бар, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сауалнаманы жүргізушілер тұрғындардан батырларды суреттеріне қарап танып, олардыӊ аты-жөнін, даӊқты ерліктері мен қызметтері туралы әӊгімелеп беруді сұрады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сауалнама нәтижелері бойынша еӊ танымал Илия Молдағұлованыӊ портреті болды. Мерген-батыр қызымызды акцияға қатысушылардыӊ барлығытанитындығын мәлімдеді. Сауалнама аяқталысымен қатысушыларға ҰОС батырларын туралы танымдық мәліметтері бар арнайы ақпараттық кітапшалар таратылды.

Жеӊіс күні қарсаӊында ұрпақ болашағы, бейбіт өмір үшін күрескен даӊқты батырларымызды білу, оларға құрмет көрсетужәне алғыс білдіру - біздіӊ қасиетті борышымыз. Осы орайда1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысыныӊ 70 жылдық мерейтойы еліміздегіайтулы оқиғамереке болып саналады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны