22.06.2007, 15:55 2815

Павлодар әуежайында әуе лаңкестігінің алдын-алу бойынша республикалық жаттығу өтті

АСТАНА. 22 - маусым. Kazakhstan Today. Павлодар әуежайында кеше ҰҚК-нің антитеррористік орталығының бастамасымен әуе лаңкестігін тоқтату және алдын алу бойынша республикалық жан-жақты командалық-штабтық "Дабыл" жаттығуы өткізілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

"Жаттығуға қатысушылар әуе көлігіндегі лаңкестік әрекеттің жолын кесу барысында ҰҚК-нің, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар және көлік және коммуникация министрліктерінің күштері мен құралдарын ұйымдастыру және штабтық шешімдер қабылдау сияқты жұмыстарды тәжірибе жүзінде жасады", - деп хабарлайды баспасөз хатында.

Ұлттық қауіпсіздік комтетінің баспасөз қызметі "республикада алғаш рет жаттығулардың алғашқы кезеңінде ҚР Иуе күштерінің әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары "лаңкестер" басып алған әуе көлігін күшпен қондыру үшін пайдаланылды", деп атап өтті. Жаттығулардың екінші кезеңінде ҰҚК-нің "Арыстан" қызметінің күшімен кепілдегілерді босату бойынша арнайы операция жүргізілді. Лаңкестік әрекеттің салдарын жою мәселелері Төтенше жағдайлар министрлігі және әуежайдың жердегі қызметтерімен талқыланып, соған сәйкес жұмыстар жүргізілді.

ҰҚК-нің мекемеаралық антитеррористік орталығы мемлекетімізде әртүрлі лаңкестік қаупіне жауап беретін біртұтас жүйе құруға бағытталған мұндай жаттығуларды үнемі өткізіп отыруды көздеп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны