11.11.2018, 22:49 5305

Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасыныӊ қызметкерлері улы газ датчиктерін орнату бойынша "Қамқорлық" науқанын өткізді

Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасыныӊ қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысушылардыӊ үйлерінде, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ жалғыз тұратын қарт адамдардыӊ үйлеріне улы газ датчиктерін орнату бойынша "Қамқорлық" науқанын өткізді.

Павлодар. 11 қараша. Kazakhstan Today - Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасыныӊ қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысушылардыӊ үйлерінде, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ жалғыз тұратын қарт адамдардыӊ үйлеріне улы газ датчиктерін орнату бойынша "Қамқорлық" науқанын өткізді.

Іс-шараныӊ негізгі мақсаты: қала азаматтарыныӊ назарын тұншықтырғыш газ өміріге қауіптілігіне аудару, халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және жадынамалар тарату.

Аталған науқанға қалалық Төтенше жағдайлар басқармасыныӊ қызметкерлері, Қызыл Ай Павлодар филиалыныӊ еріктілері, "Жас Отан"жастар қанатыныӊ волонтерлері қатысты. Бұл құралдарды "ПМХЗ"ЖШС ұжымы тегін берді.

Автоматты өрт хабарлағыштары-өрт туралы дабыл хабарламасын беру үшін тікелей қорғалатын объектіде, тұрғын үйде және т. б. орнатылатын техникалық құрал.

Өрттіӊ көп бөлігі пешті дұрыс пайдаланбау, өрт қауіпсіздігініӊ бұзылуы, электр сымдарыныӊ қысқа тұйықталуы салдарынан жеке секторда пайда болады.

Өртсіз улы газбен улану жеке үйлерде жиі болып табылады. Құралдарды орнатқаннан кейін үй иелерімен тиісті нұсқаулық жүргізіліп, автономды өрт хабарлағыштар, үш бастырмальды батареялар жарты жылға жететінін еске салды. Тұншықтырғыш газ деӊгейі көтерілген кезде ол ескертетін, үздіксіз сигнал шығарады.

Павлодар қаласыныӊ тұрғындары мен қонақтары өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаӊыздар. Өзіӊізді және жақындарыӊызды қорғаӊыз.

А. Джасуланов

Павлодар облысы ТЖД

Павлодар қ. ТЖ басқармасы

Өртті мемлекеттік бақылау бөлімініӊ инженері

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны