16.07.2018, 16:05 3516

Павлодар қаласында І Халықаралық "Ertis cinema" қысқаметражды кино және деректі фильмдер кинофестивалі өтті

Жалпы кинофестиваль барысында 20 елден 100-ге жуық фильмдер көрсетілді.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan Today - ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм АҚ түсірген "Өйткені жақсы көремін" атты деректі фильм шілденіӊ 11-і мен 14-і аралығында Павлодар қаласында өткен І Халықаралық "Ertis cinema" қысқаметражды кино және деректі фильмдер кинофестивалінде көрермендер көзайымы жүлдесімен марапатталды.

Аталған деректі фильм Қазақстанда ұлтаралық некеде тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқан отбасылар туралы баяндайды.

- Павлодарлықтарға және қала қонақтарына осы жүлде үшін алғысымызды білдіреміз. Бізге сеніп, осы фильмді түсіруге қолдау білдірген "Қазақфильм" киностудиясыныӊ "Деректі кино және киношежірелер" шығармашылық бірлесітігініӊ жетекшісі Исет Ерназаровқа, сондай-ақ бізге бағыт-бағдар берген ұстазымыз Исия Байғожинаға алғысымыз шексіз,- деді фильмніӊ сценарий авторы Надира Садуова.

Жалпы кинофестиваль барысында 20 елден 100-ге жуық фильмдер көрсетілді.

"Ertis cinema" кинофестивалініӊ бас жүлдесі (деректі фильмдер арасында) қазақстандық режиссер Евгений Лумповтыӊ "Жол" фильміне бұйырса, қысқаметражды фильмдер арасында ресейлік режиссер Алексей Соколовтыӊ "Жөке шайы" фильмі үздік деп танылды.

І Халықаралық "Ertis cinema" қысқаметражды кино және деректі фильмдер кинофестивалі "Павлодар облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесініӊ қолдауымен өткізілді. Фестивальді режиссер Людмила Лебедева, журналист Салауат Игіліков, павлодарлық журналист және кинотанушы Людмила Баюшева ұйымдастырған.

"Өйткені жақсы көремін"

Қоюшы режиссерлері: Камилла Бердімұратова, Камилла Абделдінова

Сценарий авторлары: Рабиға Орынбасарова, Надира Садуова

Қоюшы оператор: Алексей Кирюхин

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны