19.12.2008, 16:54 3087

Павлодар облысы әкімінің өкімімен Қашыр ауданының әкімі тағайындалды

Павлодар облысы әкімінің өкімімен Қашыр ауданының әкімі тағайындалды

Павлодар. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қашыр аудандық мәслихаты депутаттарының келісімімен Павлодар облысы әкімінің өкімімен Болат Жұмабекұлы Бақауов Қашыр ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Б.Бақауов 1971 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Новокузьминка ауылында туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын юриспруденция мамандығы бойынша, Халықаралық Бизнес Академиясын экономика мен кәсіпорынды басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын "Кеңестік Қазақстан" совхозының автогаражында жұмысшы болып бастады. Қарулы Күштер қатарындағы борышын атқарған соң осы шаруашылықта жұмысын жалғастырды. 1993-1996 жылдары - "Иділет" шағын кәсіпорнының директоры, кейін "Бақауов" шаруашылық қожалығының басшысы болды. 2007 жылдан осы уақытқа дейін Железин ауданындағы "Толысбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры болып еңбек етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны