29.06.2016, 17:39 3726

Павлодар облысы аумағында "STOP трафик" жедел алдын-алу іс-шарасы өткізілді.

Адам саудасымен байланысты қылмыстардыӊ алдын алу, олардыӊ жолын кесу, қылмыстық істерді анықтау және ашу мақсатында Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларыныӊ қонақ үйлерін, мейрамханаларын, сауналарын, моншаларын және басқа да демалыс орындарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді

Павлодар. 29 маусым. Kazakhstan Today - Адам саудасымен байланысты қылмыстардыӊ алдын алу, олардыӊ жолын кесу, қылмыстық істерді анықтау және ашу мақсатында Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларыныӊ қонақ үйлерін, мейрамханаларын, сауналарын, моншаларын және басқа да демалыс орындарын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Осы іс-шараларды жүргізу нәтижесінде үш күн ішінде женгетайлықта және басқа да құқық бұзушылықта күдікті сауналардыӊ әкімшілері ұсталды.

Қала сауналарыныӊ бірінде 25 жасар саунаныӊ әкімшісі клиенттеріне жеӊіл жүрісті қыздардыӊ қызметін ұсынғаны үшін 4000 теӊге мөлшерінде ақша алды.

Осыған ұқсас қылмыс жасауда күдікті қонақ үй кешенініӊ 38 жасар күзетшісі көрсеткен қызметі үшін 4500 теӊге мөлшерінде ақша алды.

Барлық фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексініӊ 309-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, онда 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қарастырылады.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысуға үй-жай бергені үшін қонақ үй кешенініӊ жалдаушысы, 32 жасар ер адамға қатысты ИҚБтК 450-бабына сәйкес әкімшілік өндіріс қозғалды. Материалдар қарастыру үшін сотқа жіберілді.

Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны