09.01.2012, 13:15 3807

Павлодар облысы экономикалық тұрғыдан өсіп келеді

Павлодар облысының аумағында көпсалалы индустриялық кешен шоғырланған. Жалпы өңірлік өнім соңғы 10 жылда 203,7 млрд. теңгеден 1031,9 млрд. теңгеге дейін, яғни 5 еседен астам өсіп отыр.

Астана. 9-қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодар облысы экономикалық тұрғыдан өсіп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Павлодар облысының аумағында көпсалалы индустриялық кешен шоғырланған. Жалпы өңірлік өнім соңғы 10 жылда 203,7 млрд. теңгеден 1031,9 млрд. теңгеге дейін, яғни 5 еседен астам өсіп отыр.

Еліміздің өнеркәсіптік өндірісінің 7 пайызға жуығы, көмір өндірісінің 70 пайызға жуығы, ферроқорытпа өндірісінің 74 пайызы, электр қуаты мен мұнай өнімдері өндірісінің 40 пайыздан астамы, бастапқы алюминий мен глинозем өндірісінің 100 пайызы Павлодар облысының үлесіне тиесілі. Өңірде Экібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Ақсу ЖЭС сияқты ірі электр стансалары жұмыс істейді.

Өнеркәсіптік секторда 1991 жыл мен 2011 жылдың 9 айының аралығындағы кезеңде өнеркәсіптік өндірістің көлемі 5366,6 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптік өндірістің көлеміндегі ең үлкен үлес салмағын - 67,3 пайызын - өңдеу өнеркәсібі алып отыр, ал кен өндірісінің үлесі- 8,9 пайызды, электр қуатының өндірісі- 21,7 пайызды, сумен жабдықтау - 2,1 пайызды құрайды.

Мұнымен қатар, Павлодар облысы - шикізаттық базаға бай және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің қуатты өндірісі дамыған өңір. 20 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жалпы көрсеткіші 148,9 млрд. теңгені құрап, 267 есеге артты, өнім түрлері 60 есеге ұлғайды.

2011 жылдан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,3 есеге өсіп, 2010 жылы 24,4 мың бірлікті құрады. 2010 жылы сыртқы сауда айналымы 1999 жылмен салыстырғанда 4,7 есеге артты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны