26.12.2008, 18:54 3275

Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы тағайындалды

Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы тағайындалды

Павлодар. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысы әкімінің өкімімен Арыслан Дәйкенұлы Ибдіқалықов Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А.Д. Ибдіқалықов 1964 жылы Павлодар облысы Ермак ауданы Жаңа тілек ауылында дүниеге келді. Математика және физика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Павлодар педагогикалық институтын және экономист мамандығы бойынша Алматы экономика және статистика академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Павлодар облысы Краснокутск ауданы Чкалов ауылы орта мектебінің мұғалімі болып бастады. 1990-1998 жылдар аралығында Павлодар педагогикалық институтында ұстаздық қызметін атқарды. 1998-2001 жылдар аралығында "АРС", "Агроэнерго" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің, "Павлодар химия зауыты" ашық акционерлік қоғамының директоры болды. 2002 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Соңғы кезде - Павлодар қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны