06.06.2008, 10:21 1284

Павлодар облысында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеденде оңайлатылған интеграцияланған бақылау принципі енгізіледі

Павлодар облысында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеденде оңайлатылған интеграцияланған бақылау принципі енгізіледі

Павлодар. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап кеденде оңайлатылған интеграцияланған бақылау принципі енгізіледі. Бұл туралы бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен консультациялық кеңес барысында облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Мирлан Мұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, ол импорттық операциялар бойынша қажетті құжаттардың мөлшері 18-ден 11-ге, ал экспорт бойынша 14-тен 10-ға азайтылатынын хабарлады. "Жалпы алғанда құжаттарды алудың максималды мерзімі 60 күннен 10 күнге дейін қысқартылады", - деп атап көрсетті ол.

"Тәжірибе жүзінде бұл тауар айналымын өсіруге, жүктің өту уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. соымен қатар, әкімшілік кедергілер мен басқа да бөгеттер азаяды", - деп атап көрсетті М. Мұхамбетов.

Өңірлік кедендік бақылау департаментінің бастығы интеграциялық бақылау принципін Кедендік бақылау комитетінің мамандары жасап шығарғанын және үкімет қарауына енгізілгенін хабарлады. Оған сәйкес, негізгі функцияларды (шекаралық бақылаудан басқаларын - агенттік ескертпесі) өткізу пункттерінен тораптық терминалдар мен кедендік рәсімдеу орталықтарына беру ұсынылып отыр. Яғни, шекарадағы операциялар енді кедендік органдардың бақылауына берілетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны