19.12.2008, 11:56 1604

Павлодар облысында 2009 жылдың бюджеті 60 млрд теңге көлемінде бекітілді

Павлодар облысында 2009 жылдың бюджеті 60 млрд теңге көлемінде бекітілді

Павлодар. 19 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында 2009 жылдың бюджеті 60 млрд теңге көлемінде бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев Павлодар облыстық мәслихат депутаттарының сессиясына қатысты, онда депутаттар 2009 жылдың бюджетін бекітті.

Облыс қазынасының шығыс бөлігі 43,5 миллиард теңгені құрайды, бұл биылғы жылғы көрсеткіштен 5 миллиард теңгеге көп. Бюджетте әлеуметтік салаға басымдылық танытылып отыр, қазынадағы қаражаттың 1/3 бөлігі - 14 миллиард теңгесі - денсаулық сақтау саласы үшін қарастырылса, 5 миллиардтан астам теңге - білім беру саласына қарастырылған. Илеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қолдауға да қомақты қаражат бөлініп отыр.

Халықтың табысын арттыру жөніндегі Елбасының тапсырмасы да орындалуда, дейді экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Галина Давдрикова. Бюджет қызметкерлерінің жалақыларын 25 пайызға көтеруге қаражат қарастырылып отыр. Есесіне, мемлекеттік басқарудың облыстық органдарының шығыстары қысқартылған.

Сессия жұмысына қатысқан облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев аймақтың ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылады және алдағы жылдардағы басымдықтарды нақтылады. Аймақ басшысы өнеркәсіп даму серпінін сақтап, қаржыландырылған жобалар ойдағыдай жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті. Металл алюминиін шығару ұлғайтылуда және электролиз зауытының екінші кезегінің құрылысы жалғастырылуда. Келесі жылы вагон жасау, метиз зауытының және Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылыстары басталмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны