31.08.2016, 10:07 6487

Павлодар облысында 60-тан астам көлік жергілікті полиция автопаркін толықтырды

Облыс әкімі ІІД құрылымдық бөлімшелеріне жаӊа машиналарды тапсыру рәсімі ҚР Конституция күнініӊ қарсаӊында өткізіліп жатқанын тілге тиек етіп, тәртіп сақшыларыныӊ қызметі азаматтардыӊ құқықтарын қорғаумен тікелей байланысты екенін атап өтті.

Павлодар.31 тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25-жылдығын тойлау шеӊберінде Павлодар облысыныӊ Ішкі істер департаменті 62 су жаӊа машинаныӊ кілтіне ие болды. Жаӊа машиналардыӊ кілттерін көлік иелеріне аймақ басшысы Болат Бақауов тапсырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыс әкімі ІІД құрылымдық бөлімшелеріне жаӊа машиналарды тапсыру рәсімі ҚР Конституция күнініӊ қарсаӊында өткізіліп жатқанын тілге тиек етіп, тәртіп сақшыларыныӊ қызметі азаматтардыӊ құқықтарын қорғаумен тікелей байланысты екенін атап өтті.

" Қазіргі таӊда жергілікті полиция қызметініӊ авто көлікпен қамтылу деӊгейі 68%-ды құрайды, - деді Болат Бақауов. - Ішкі істер департаментініӊ материалдық-техникалық жабдықталуы аса маӊызды басымдықтардыӊ бірі. Соӊғы үш жыл ішінде бұл мақсатқа облыс бюджетінен 2 миллиард теӊге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл қаржыға 99 автокөлік, "Автодауыл" аппараттық-бағдарламалық кешені, ішкі істер органдары қызметкерлері үшін бейнетіркеуіштер, жол қауіпсіздігі ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін құралдар сатып алынды. Міне, бүгін ІІД-іӊ қызметтік автопаркі жаӊа машиналармен толықты. Бұл шаралар тәртіп сақшыларына өзініӊ қызметтік борышын адал атқарып, тұрғындардыӊ тыныштығын күзетіп, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға көмектеседі.

ІІД-іӊ автопаркі 62 жаӊа машинаға толықты. Олардыӊ ішінде жалпы құны шамамен 245 миллион теӊгені құрайтын 10 "Соболь" шағын автобустары, 11 "Skoda Rapid" автокөліктері, 11 "УАЗ" және 30 "Лада" автомобильдері бар. Барлық көліктер арнайы құралдармен жабдықталған. Шағын автобустар кезекші бөлімдердіӊ балансына беріліп, жедел-тергеу бөлімдерініӊ оқиға орнына шұғыл аттануы үшін пайдаланылады. Қалған көліктер жергілікті полиция қызметініӊ балансына беріледі.

Сонымен бірге, Конституция күнініӊ қарсаӊында облыстыӊ ішкі істе департаменті "Динамо" спорт кешенініӊ аумағында орналасқан теннис корты мен волейбол алаӊын ашты. ІІД-іӊ ресми өкілдерініӊ айтуынша спорт алаӊдарында полиция қызметкерлері ғана емес, қала тұрғындары да спортпен шұғылдана алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны