27.02.2008, 18:00 2911

Павлодар облысында алдағы тәуліктерге тағы да боран туралы ескерту жасалды

Павлодар облысында алдағы тәуліктерге тағы да боран туралы ескерту жасалды

Павлодар. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында жаңбыр және қар түрінде көп мөлшерде ылғал түсті, алдағы тәуліктерге өңірде тағы да боран туралы ескерту жасалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Департаменттегілердің атап көрсетуінше, бүгін таңертең барлық аудандық әкімшіліктерге күн райының бұзылуы мүмкін екендігі туралы хабарламалар жіберілді. Синоптиктердің мәліметінше, 28 - 29 ақпанда өңір аумағында оңтүстік-батыс бағыттан жылдамдығы секундына 22, кей жерлерде 28 метрге жететін жел соғады. Сондай-ақ, қар жауып, боран соғады деп күтілуде.

Мамандардың пікірінше, бүгінгі жауған жаңбыр мен қар жолдардағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Сынап бағанасы төмендесе көктайғақ болмақ. Осы мақсатпен облыста 200 тонна көлемінде құм мен тұз қоспасынан қор түзілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны