19.02.2008, 14:19 3041

Павлодар облысында балықтардың қырылуының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар өткізілуде

Павлодар облысында балықтардың қырылуының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар өткізілуде

Павлодар. 19 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысындағы су қоймаларында балықтардың оттегінің жеткіліксіздігі салдарынан қырылуының алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар өткізілуде. Бұл туралы агенттік тілшісіне аймақтық балық инспекциясы бөлімінен хабарлады.

"Су қоймасы қатты қатып қалған жағдайда суды оттегімен байыту мәселесі туындайды. Ал бұл балықтарға тікелей қатер төндіреді, біздің міндет - балықтың жаппай қырылуына жол бермеу", -деді табиғат қорғау мекемесінің басшысы Геннадий Ткачев.

Оның айтуынша, облыстағы 353 балықшаруашылығы су қоймасының 30% жуығы қырылу қаупін тудыратын қоймаларға жатады. Бұл негізінен тереңдігі 3 метрден аспайтын шағын көлдер мен арналар.

"Біздің қызметкерлер оттегі тапшылығы туындаған жағдайда тиісті шаралар қолдану үшін мұздың қалыңдығын ұдайы тексеріп, мониторинг өткізіп отырады", - деді балық инспекциясының бастығы. Сонымен бірге, оның айтуынша, өсімдік әлемін барлық тұтынушыларға тиісті профилактикалық шараларды алуға нұсқау берілді. Атап айтсақ, балықтың оттегі тапшылығынан қырылуына жол бермеу үшін мұзда шағын ойықтар жасаса жетіп жатыр. "Суды оттегімен байыту үшін біз оны аэрациялап, көлдердегі суды қарапайым моторлы қайықтардың көмегімен айдауды ұсынамыз", - дейді инспекциядағылар. Табиғат қорғау мекемесі қызметкерлерінің пікірінше, бұл іске қысқы балық аулауды кәсіпке айналдырғандар да өзіндік үлестерін қоса алады. "Олардың балық аулау үшін шағын тесіктер шығаруынан мұз тез қатып қалуы мүмкін, ал егер сол тесікке қамыс қыстырып қойса, ауа кіретін қуыс түзілер еді", - дейді инспекторлар.

Г. Ткачевтың айтуынша, қазір облыстағы су қоймаларында мұздың қалыңдығы орналасқан жеріне қарай 60 - 80 сантиметрді, кей жерлерде 1 метрді құрайды. Қыстың суық болғанына қарамастан, мамандар биыл балықтың жаппай қырылуына жол берілмейді деген пікірде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, өткен жылғы күзде өңірде балық төлдерін шағын су қоймаларынан Ертіс пен өңірдегі ауқымы жағынан екінші орындағы Усолка өзеніне жіберуге бағытталған ауқымды құтқару шарасы жүргізілген. Бірінші рет бұл іске "Жасыл ел" қозғалысына қатысушы студенттер жұмылдырылды, соның нәтижесінде 26 млн астам кішкентай көксерке, тұқы және шортандарды құтқаруға мүмкіндік туды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны