10.01.2008, 16:03 2756

Павлодар облысында былтыр 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Павлодар облысында былтыр 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды

Павлодар. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында былтыр 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Павлодар облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекпен қамтуды үйлестіру департаментінен хабарлады.

Департамент мәліметтерінше, өңірде жұмыссыздық деңгейінің тұрақты төмендеу ағымы байқалады. Атап айтсақ, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2007 жылы өңірдегі экономикалық белсенді халық санының 1,5% құрады. 2006-жылы бұл көрсеткіш 2,2% болды.

Өңір экономикасында жұмыспен қамтылған халық санының артуына Қазақстан бойынша бірінші электролиз зауыты мен құбыр өндіретін кәсіпорынның іске қосылуы түрткі болды. Бірақ, мамандардың айтуынша, алдағы жылдардағы секілді бұл саладағы негізгі өсім шағын және орта бизнес секторында болмақ.

Мекемедегілердің хабарлауынша, экономиканың өсуіне байланысты өңірде әлеуметтік жағынан аз қорғалған азаматтардың саны 40 %-ға азайды. Өздерінің материалдық ахуалын жақсартқан 5440 адам мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан шықты.

Павлодар облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекпен қамтуды үйлестіру департаментінің мәліметтерінше, өткен жылдың аяғында облыс тұрғындарының нақты кірісі 19,4%-ға өсті. Нақты жалақы 15,3%-ға өсіп, облыс бойынша орта есеппен 44 мың теңге болды.

Облыстық статистикалық басқарманың мәліметінше, осы жылдың басында Павлодар облысы тұрғындарының саны 750 мың адамнан асты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны