08.07.2015, 11:50 3072

Павлодар облысында дауыл бірқатар әлеуметтік нысанныӊ шатырын жұлып кетті

Қатты жел мен жаӊбырдыӊ салдарынан Павлодар облысына қарасты Ақтоғай ауданындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерініӊ шатырларына зақым келді

Павлодар. 07 Шілде. Kazakhstan Today - Қатты жел мен жаӊбырдыӊ салдарынан Павлодар облысына қарасты Ақтоғай ауданындағы бірқатар мемлекеттік мекемелерініӊ шатырларына зақым келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобыныӊ маманы Илия Темірованыӊ айтуынша, 7-8 шілде аралығында соққан қатты жел Ақтоғай ауылында жалпы алаӊы 2027 шаршы метр болатын шатыр жабындарын ұшырып кеткен, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Нақтырақ айтсақ, Абай атындағы орта білім беру мектебі мен Мәдениет үйініӊ, сондай-ақ "Қазпошта", "Қазақтелеком" АҚ филиалдары ғимаратыныӊ қатты жабындары жұлынған. Сонымен қатар бес тұрғын үй қирап, материалдық шығын келді", - дейді Илия Темірова.

Осындай төтенше жағдай демалыс күндері Екібастұз өӊірінде де орын алды. М.Жүсіп көшесіндегі бесқабатты тұрғын үйдіӊ жабындысы екі автокөліктіӊ төбесіне құлаған. Нәтижесінде "Мерседес" пен "Киа Рио" маркалы автокөліктері қирады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны