29.01.2007, 14:18 3247

Павлодар облысында Ертіс өзеніне трактор тракторшымен бірге батып кетті

ПАВЛОДАР. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Павлодар облысының Ертіс ауданында трактор тракторшымен бірге батып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық су-құтқару қызметі бастығының орынбасары Виталий Трусов хабарлады.

В. Трусов төтенше оқиғаның өткен жұмада болғанын айтып өтті. Трактор төрт метр тереңдікке батып кеткен. Оқиға болған жерден құтқарушылар тракторшының денесін алып шықты, ал трактордың өзін алып шығу мүмкін болмай отыр.

В. Трусовтың ақпараттарына сүйенсек, Қарақұдық ауылының 46 жасар тұрғыны жергілікті шарушылықтан шаруа қажеттілігі үшін ДТ-75 тракторын алған. Ол және қасындағы жеті серігі Ертістің қарсы бетіне отын жинауға шыққан. Қайтар жолда, жағаға жақын қалғанда отын тиелген трактор су астына бата бастаған.

Тракторшыдан басқалары құтқарылды.

Су-құтқару бекетінде, аймақтағы ауа райының жылы болуына байланысты Павлодар облысында қысқы өткел қызметі тоқтатылғандығын мәлім етті. Ол 16-қаңтарда ашылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны