31.03.2010, 11:40 3345

Павлодар облысында Қазақстанның оңтүстік шекарасын нығайтуға байланысты кеден қызметкерлерінің құрамы қысқартылуда

Павлодар облысында Қазақстанның оңтүстік шекарасын нығайтуға байланысты кеден қызметкерлерінің құрамы қысқартылуда

Павлодар. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанның оңтүстік шекарасын нығайтуға байланысты Павлодар облыстық Кедендің бақылау депаратменті қызметкерлерінің құрамы қысқартылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today Павлодар облыстық Кедендің бақылау депаратментінің төрағасы, полковник Өмірзақ Бейісбековқа сілтеме жасап.

"Біз бірінші қысқартуды жүргіздік, біздің 14 қызметкер өз тілектері бойынша еліміздің оңтүстік өңірлерінде: Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы жаңа жұмыс орындарына ие болды. Шілденің біріне дейін тағы да 40 - 45 лауазымды тұлға қысқартылады, оларға жұмыс орындары берілуі мүмкін. Халықаралық стандартқа сәйкес еліміздің оңтүстік шептерін күшейту жұмыстары жүргізілуде, сол себепті біз қазір тек өзіміз үшін ғана емес, жалпы Кедендік одақтың аумағы үшін, яғни, Ресей мен Беларусь үшін де жауаптымыз", - деді Ө. Бейісбеков.

Өңірдегі кеденнің жұмысына тоқталған ол: "бізге үшінші елдер қалып отыр, үшінші елдерден келетін экспорт пен импорт ауқымы үлкен. Кедендік одақ - үш ел ғана. Ал бізде Қытаймен, Германиямен, АҚШ-пен сыртқы экономикалық алыс-беріс көлемі үлкен",- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны