03.02.2017, 19:45 6236

Павлодар облысында қылмыстардыӊ ашылуы 20% жақсарды

М. Демеуов халықпен профилактикалық жұмысты жандандыруға, полицияныӊ есебінде тұрған адамдарға бақылауды күшейтуге тапсырма берді. Бұл ретте ауылшаруашылық дамудыӊ еӊ негізгі саласы болғандықтан, ауылдық жерлерде мал ұрлығыныӊ алдын алауға баса назар аударылсын, - деді.

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today -Павлодар облысы полицейлері 2016 жылғы жұмыс қорытындысын шығарды. Кеӊейтілген жедел кеӊеске Ішкі істер министрініӊ бірінші орынбасары Марат Демеуов қатысты,- деп хабарлайды Павлодар облысы ІІД Баспасөз қызметі.

Облыс ІІД бастығы Марат Қожаев өткен жылдыӊ ішіндегі полицейлік ведомствоныӊ қызмет нәтижелері туралы баяндады. Ол қолданылып жатқан шаралардыӊ тіркелген құқық бұзушылықтар санын 18% қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

Кісі өлтірулер, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, тонау, қарақшылық шабуыл, бопсалау, көлік айдап әкету, бұзақылық, ұрлықтар, оныӊ ішінде пәтерден, автокөліктен ұрлау және мал ұрлығы саны төмендеді. Ашылудыӊ өзіндік көрсеткіші 21,9% жақсарды. Қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтар саны, ЖКО саны, сондай-ақ онда қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны төмендеді.

Министрдіӊ бірінші орынбасары жеке құрамға заӊдылықтағы соӊғы өзгерістерді түсіндірді, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті нығату, сондай-ақ ведомстваныӊ ашықтығы мен айқындығына баса назар аударып, ішкі істер органдарыныӊ жұмысына тұрғындардыӊ сенім деӊгейін арттыру бойынша нақты міндетттерді қойды.

Қылмыстардыӊ басым көпшілігі - ұрлық, шамамен жалпы санынан 60 пайыз, сондықтан қылмыстыӊ осы түрімен күресуге баса назар аудару қажет. ІІМ мүліктік қылмысты бірнеше рет қайталап жасағаны үшін жауапкершілікті нығайту, мұндай жағдайда тараптардыӊ татуласуын тек бір рет қолдануын ұсынды. Қолданыстағы 2015-2017 жылдарға арналған бөтен мүлік ұрлықтарына қарсы іс-қимыл бағдарламасыныӊ барлық бағыттарын қайта қарастыру және нақты іс-шараларды белгілеу қажет,- деп атап өтті Министрдіӊ бірінші орынбасары.

М. Демеуов халықпен профилактикалық жұмысты жандандыруға, полицияныӊ есебінде тұрған адамдарға бақылауды күшейтуге тапсырма берді. Бұл ретте ауылшаруашылық дамудыӊ еӊ негізгі саласы болғандықтан, ауылдық жерлерде мал ұрлығыныӊ алдын алауға баса назар аударылсын, - деді.

Павлодар полицейлері өткен жылы едәуір жұмыс атқарды, жалпы мемлекетіміздіӊ және министрліктіӊ тапсырмалары орындалды. Биылғы жыл былтырғыға қарағанда одан да нәтижелі болу үшін барынша күш салу қажет екенін Марат Демеуов атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны