22.02.2007, 16:22 3236

Павлодар облысында көлік қатынасы қалпына келтірілді

ПАВЛОДАР. 22-ақпан. Kazakhstan Today. Павлодар облысында аудан орталығы мен көршілес аймақтардың арасындағы көлік қатынасы қалпына келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетейік, кеше қатты қарлы бұрқасын мен боран соғуы салдарынан тас жолдарды қар басып қалуға байланысты облыс орталығынан шығатын жолдар жабылған болатын. "Біз тіптен, Шығыс Қазақстан облысынан Астанға баруға асыққан мәжіліс өкілдері отырған автобустың өзін, барлық дәлелдерге қарамастан тоқтатуға мәжбүр болдық",- деді төтенше жағдайлар департаментіндегілер. Автобуста 39 адам болған. Адамдар осы уақытты автовокзалда өткізді.

Жолды күртік қардан тазалауға 15 арнаулы жол техникасы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта, төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, тас жолдардағы қозғалыс қалыпты жағдайда өтуде.

Облыстық мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс және апат пен зілзалаларды жою жөніндегі департаментінен хабарлағандай, күн райының қолайсыздығының салдарынан Павлодарда 78-ден астам электр желілері үзілген. Жеке секторлардың кейбір аудандары жарықсыз қалған. Электрмен қамтамасыз ету жүйесін қалпына келтіруге бес апаттық бригада жөнелтілген. Қазір электр қуаты толық берілуде.

Сондай-ақ, департамент өкілдері қазіргі уақытта тиісті қызметтер облыстың Баянауыл ауданында үш адамның қайтыс болу себебін анықтауды жалғастыруда.

Бұрын хабарлағанымыздай, 19-ақпанда Шөптікөл ауылдық округіне қарасты Сұлужон ауылы маңында үсіп өлген 53,54 және 34 жастағы үш еркектің мәйіті табылған болатын. Адамдар жеңіл көлікпен жолға шығу салдарынан қар құрсауда үсіп өлген. Төтенше жағдайлар департаментінде хабарлағандай, жүргіншілердің екеуі қайғылы оқиға алдында спиртті ішімдік ішкен. Қайтыс болғандарды іздеуге Екібастұз жедел-құтқару қызметінің қызметкерлері мен әскери тау-кен құтқарушылары отряды жұмылдырылған болатын. Қайтыс болғандарды табуға иісшіл иттерінің көмегі тиген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны