20.05.2008, 19:45 3048

Павлодар облысында құрылыс компаниялары жұмыстарының жандануы байқалады

Павлодар облысында құрылыс компаниялары жұмыстарының жандануы байқалады

Павлодар. 16 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Павлодар облысында құрылыс компаниялары жұмыстарының жандануы байқалады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Павлодар сарапшыларының айтуынша, өткен жылдың аяғында басталған қаржы дағдарысына байланысты аумақта құрылыс саласында жұмыс істеп жатқан көптеген кәсіпорындардың көлемдері төмендеді.

"Енді соңғы айларда керісінше процесс байқалуда", - дейді мамандар. Облыстық статистикалық басқармасының мәліметтері бойынша, шағын мердігерлік нысандарға қызмет көрсетіп отырған шағын құрылыс ұйымдарының белсенділігі көзге көрінуде.

Ведомствоның мәліметінше, 2008 жылдың 1 сәуірінде олардың үлесіне барлық мердігерлік жұмыстардың 37% тиесілі болды.

"Өткен 2007 жылмен салыстырғанда шағын мердігерлік ұйымдар жасаған жұмыс көлемі 11,9% өсіп, 1408,9 млн теңгені құрады. 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында олардың жалпы көлемдегі көрсеткіші 97,8 % құрады", -деп атап өтті статистикалық басқармасында. Облыстық көлемдегі үлес салмағының ең үлкен бөлігін жеке меншік мердігерлік ұйымдары атқарған.Олардың 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көлемі 97,8 пайызды құрады.

Жаңа нысандар құрылысы, жөндеу жұмыстары, кеңейту және техникалық жаңарту жұмыстары бөлігінде шағын құрылыс компаниялардың үлесі 61,9 пайызға жетті. Жалпы көлемнің 23,6 % күрделі жөндеу жұмыстарына, 10,3% ағымдағы жөндеу жұмыстарына және 4,2% басқа жұмыстарға тиесілі.

Статистикалық басқармасының деректері бойынша, негізгі жұмыстар көлемін Павлодардың (76,4%) құрылыс ұйымдары атқарған. Өткен жылдағы көрсеткіштерімен сәйкестендіргенде ұлғайған көлем жұмыстары Екібастұзда (1,3есе) және Көшір ауданында (1,7 есе)тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны